Билік

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру штабы құрылды

 

 

Бүгін Ұлттық банк теңге бағамы 185 АҚШ доллары болады деп хабарлады. Осыған орай облысымызда әлеуметтік маңызы бар тауарларға деген бағалардың негізсіз өсуін болдырмас үшін арнайы штаб құралды. Ол азық-түлік өнімдерінің құнын күнделікті бақылауда ұстамақ.

 

Қайрат Бекенов,СҚО әкімінің орынбасары:

-Біз бүгін барлық ірі сауда орындарының басшыларымен кездесіп, бағаны негізсіз өсірмеуге қатысты біраз жайларды талқыладық. Сауда орталықтарына да барып, арнайы мониторинг жүргіземіз.Тауарлар бағасы арнайы бекітілген нормадан аспауы керек.

 

Жиынға қатысқан ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры Марат Мұстафин коммуналдық қызмет бағасының өсуіне де жол берілмейді деп отыр. Сондықтан баға сол күйінде сақталады.

 

Марат Мұстафин,ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Девальвация қызмет бағасына еш әсер етпейді. Біз өзімізде белгіленген арнайы бағдарлама бойынша жұмыс жасаймыз.

Нан-тоқаш өнімдерінің де құны өзгеріссіз қалмақ. Бұдан өзге ауыл шаруашылығы тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді.

 

Нұрлан Омаров, “Солтүстік ӘКК ҰК” АҚ басқарма төрағасы:

– Бүгінде біз аудандармен жұмысты реттедік. Сондықтан тауарларды көтерме бағамен сататын кәсіпкерлермен қазір арнайы меморандум жасалуда. Егер күнбағыс майының бағасы қазіргі күні 225 теңге болса, онда ол 10-15 теңгеге ғана көтерілуі мүмкін.

 

Облыс әкімінің орынбасары барлық ведомстволар өкілдеріне күн сайын жағдайды бақылауда ұстап, бағаның негізсіз шарықтауына жол бермеу керектігін тапсырды.

 

Мағжан Ахмадина