Спорт

“Қызылжар СК” командасында – жаңа бапкер

 

Былтыр өңіріміздің кәсіпқой аяқ доп шеберлеріне үздік үштіктен көріну мақсаты қойылған болатын. Өткен маусымда жергілікті футболшылар межеге бір табан жақындады. Нәтижесінде петропавлдықтар үшін жасыл алаң ойындары турнир кестесінің 4-ші сатысымен аяқталды.

 

Марат Оспанов, “Қызылжар СК” ФК президенті:

Мықтылармен тереземіз тең болды. Көбіне ел чемпионатының арыстарынан мысымыз басым болып, алға шықтық. Алайда өз алаңымызда аутсайдерлерге жеңіліп қалған күндеріміз де болды. Көш соңындағы командалармен өткізген ойындардың нәтижесінде қолда тұрған 11 ұпайды уысымыздан жіберіп алдық.

 

Сондықтан биыл физикалық дайындықпен қатар психологиялық жаттығулар жүргізілуде. Мақсат жанкүйерлердің үмітін ақтап, 1-ші лига ойындарының көшін бастау.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

– 2013 жылғы футбол маусымы сәтті өтті. Біздің “Қызылжар СК” құрамасы 18 команданың 13-н басып озды. Жағдайларын біршама оңалтып алды. Оның алдындағы турнирді 11-ші орында тұйықтаған еді. Биыл үздіктер қатарынан көрініп, ҚР Премьерлигаға өту талабын қоямыз.

 

Фархад Қуанғанов жиында жергілікті құраманы бастайтын бас бапкердің жаңа кандидатурасын ұсынды. Үміткер Эдуард Глазуновтың 11 жылдық жаттықтырушылық тәжірибесі бар. Оның жетекшілігімен “Жетісу” мен “Қазақмыс” 1-ші лигадан жоғарғы эшелонға өтіпті.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

Еңбек жолын 1986 жылы бастады. Еліміздің түрлі футбол клубтарының белді ойыншысы болды. Кейін «Жетісу», «Оқжетпес», «Қазақмыс», «Астана» құрамаларының бас бапкерлігіне тағайындалды. Франция, Сербия, Ресей, Украина елдерінде кәсіби шеберлігін шыңдаған. ))

 

Жиналғандар өңір құрамасын жетелейтін жаңа бапкердің кандидатурасын бір ауыздан құптады. Эдуард Глазунов өз кезегінде сеніп тапрсырылған үмітті ақтайтынын жеткізді.

 

Эдуард Глазунов, “Қызылжар СК” бас бапкері:

– Құрама негізінен жергілікті ойыншылардан іріктеледі. Өйткені олардың командалық ойын желісі жақсы қалыптасып қалған. Бірі-бірін сөзсіз түсінеді. Тек шеберліктерін шыңдай түсу керек. Кімнің қандай қапталда өзін жақсы сезінетінін анықтаймыз.

 

Негізгі құрам Тәжік кейін Түрік елдерінде өтетін оқыту-жаттығу жиындарынан соң жасақталатын болады.

Былтыр қазақ футболына 100 жыл толды. Осыған орай спорт ардагерлері Александр Липовой мен Виктор Малинка мерейтойлық медальмен марапатталды.

 

Жеңіс Ермұқанов