Қоғам

Кеңес әскерінің Ауған соғысынан шығарылғанына – ширек ғасыр

 

Виталий Пестовтың әскери шені – кіші сержант. Ол Ауған жеріне 1983 жылы әскери міндетін атқаруға аттанады. Майданда гранаташылар бөлімінің командирі болған. Виталий Пестов соғыста басынан жараланады.

 

Виталий Пестов, СҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымының мүшесі:

Ауған соғысына аттанғанда 18 жаста болатынмын. Майданда Каратон мен Кабул жолдарын және мұнай құбырын қорғадық. Майдан даласында қалай оққа ұшқанымды да білмеймін. Бастан ауыр жараланыппын. Бірнеше ай бойы ес-түссіз жаттым.

 

10 жылға жалғасқан мағынасыз соғысқа 1500 солтүстікқазақстандық қатысып, 46-сы майдан даласында қаза тапты. Елге оралғандарының да жыл өткен сайын саны азайып келеді. Көпшілігінің денсаулықтары сыр бере бастаған. Бүгінде облысымызда Ауған соғысына қатысқан көзі тірі 798-дей ардагеріміз тіркелген. Оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында осыдан 15 жыл бұрын облыста Ауған соғысы ардагерлері ұйымы құрылған-ды. Сол кезден аталған бірлестікке Игорь Гамов төрағалық етіп келеді.

 

Игорь Гамов, СҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы:

Интернационалист жауынгерлерімізді ұмытпаған жөн. Біздің ұйым Ауған соғысының ардагерлеріне барынша көмек көрсетіп тұрады. Оларға арналып көп іс-шаралар өткізіледі. Шипажай мен госпитальдерде ем алу жағы да қарастырылған. Жәрдемақы аламыз.

 

10 жылға жалғасқан Ауған соғысының аяқталғанына биыл 25 толмақ.

 

Бану Ахметова