Билік

Алимент төлеуден қашқандарға қылмыстық жаза қолданылады

Қазақстан -құқықтық мемлекет. Сондықтан еліміздегі заң баршаға ортақ. Ал бұқараның міндеті ондағы қағидаттарды сақтау. Өйтпеген жағдайда заң алдында жауап беруіңе тура келеді. Осыны алға тартқан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында Үкіметке сот жүйесін жетілдіру керектігін міндеттеген болатын. Мақсат аталмыш саланының мөлдірлігін қамтамасыз ете отыра, жұмыс сапасын арттыру болып табылады.

 

Елена Максюта,облыстық соттың судьясы: Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында атқарушы-өндірістік заңнамаға жасалған өзгертулер мен толықтырулар өз күшіне енді. Ол 6 кодекспен 19 заң актілерінен тұрады. Ондағы негізгі басымдық борышкерлерге бағытталған. Мәселен мойныңызда қандайда бір берешегіңіз болып, оны сот арқылы өндіру шешімі шығарылса, сол күннен бастап өтелуі тиіс. Өйтпеген жағдайда жалпы қарыз сомасынан күніне 0,1 пайыз өсім жүріп отырады. Бұл жаңа заңнамада көрсетілген.

 

Бұрындары сот орындаушылары тек талапкер ғана емес, борышкердің де жағдайымен санасып, оған берешегін қайтаруда білгілі бір мерзім беретін. Жаңа заңда ондай жеңілдіктердің барлығы алынып тасталынды. Сот шешімінен соң қолыңызға атқарушы парағы тапсырылысымен берешегіңізді жабуға асығуыңыз керек. Өйтпеген жағдайда қарыз сомасы өсе түспек.

 

Елена Максюта, облыстық соттың судьясы:

Алимент төлеу туралы заң да күшейтілді. Балаларына алимент төлемей, бой тасалаған көкек ата-аналар ендігі жерде сот орындаушылары тарапынан жасалған ескертумен жүре алмайды. Біріншіден олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оны ескермеген жағдайда үстерінен қылмыстық іс қозғалады.

 

Бұқара қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар өз нәтижесін береріне сенімді. Әсіресе ол туған балаларына алимент ала алмай жүргендер үшін тиімді болары сөзсіз.

Сот шешімі қайткен күнде де орындалуы тиіс. Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар аталмыш саласының құзыреттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар оның мөлдірлігін қамтамасыз ете отыра, халықтың сенімін арттыру болып табылады.

 

Самат Есмағи