Мәдениет

Суретші Марат Қожахметовтың жеке көрмесі

 

 

Мына портреттердің барлығы Марат Қожахметовтың жақындарына арналған. Пастель, тушь, қарындашпен салынған суреттерде оның отбасы мүшелері, достары, әріптестері бейнеленген. Автор өз туындыларында адамдардың тек сыртқы келбетін ғана емес, ішкі жан- дүниесінің күйін де жеткізе білген.

 

Кирилл Майсак, Петропавлдық «Северный ветер» мотоклубының президенті:

-Ол кісіден біз ылғи кеңес аламыз. Ол біздің ақылшымыз. Марат Тәшімұлы сегіз қырлы адам. Бүгінгі жұмыстары өте тамаша. Тіпті ұзақ уақыт оны суреттен қол үзді деп те айталмайсың. Барлық суреттер тамаша, шебер орындалған.

 

Марат Тәшімұлы 1961 жылы СҚО Булаев қаласында дүниеге келген. Кішкентай баласының бойынан суретке деген қызығушылықты байқаған Марат Қожахметовтың әкесі оны балалар көркемсурет мектебіне береді. Бұл оның алғашқы көрмесі. Осыған дейін бірнеше жыл өнерден қол үзіп кетеді. Қыл қалам шебері тек 2012  жылы ғана сүйікті ісіне қайтып оралған.

 

Марат Қожахметов:

– Былтыр бұл істі қайтадан қолға алдым. Негізінен көрмем ата-анама арналады. Келешекте өзге де стильдерде, пейзаж сынды жанрларда сурет салуды жоспарлап отырмын.

 

Мұнда 60-тан астам сурет қойылыпты, туындылар келушілер көңілінен шығуда. Көрме 1 ай бойы жұртшылық назарына ұсынылатын болады.

 

Мағжан Ахмадина