МТРА жаңалықтары

Шекарашылар Елбасы Жолдауын талқылады

 

 

Елбасы халыққа арналған биылғы Жолдауында Қазақстанның тұрғындар үшін жайлы, әрі қауіпсіз мемлекет болуы керектігін айтқан еді. Отанымыздың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздік – мемлекет дамуының негізгі кепілі саналады. Өңір шекарашылары өздеріне жүктелген міндеттердің маңыздылығын жақсы түсінеді және оның орындалуына бар күш-қуатын жұмсауға дайын.

Жолдауды талқылап-түсіндіруге арналған кездесуге Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекарашылары толық құрамда қатысты. Солардың бірі – Мамлют теміржол шекаралық бақылау бөлімшесінде қызмет атқаратын Бауыржан Адалбеков. Жолдаумен жіті танысқан ол шекарашылардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосар үлесі мол дейді.