Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сенаторлар кардиологиялық орталықтың ұжымымен кездесті

 

 

Елбасы жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді сапаландыру туралы айтты. Болашақта жер-жерде жылжымалы, авиациялық медицина бекеттері пайда болады. Дәрігерлердің біразы біліктілігін арттыруға шет елге жіберіледі. Осылайша ақ халатты абзал жандар міндетті медициналық сақтандыру туралы мол тәжірибе алмасып қайтады. Бұл мәселе шешілсе, дәрігер мен емделуші арасында жоғары жауапкершілік қалыптаспақ.

 

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Медициналық сақтандыру жайында дүние жүзі елдерінде жақсы мысалдары, бай тәжірибелері бар. Сондықтан да медицина саласындағы жауапты тұлғалар мен ұйымдар соны жақсылап зерттеп, барлық емдеу мекемелеріне ұсыныс жасау керек. Мысалы, солтүстікқазақстандық кардиологтар осы медициналық сақтандыруды пилоттық жобамен күнделікті өмірге енгізіп, тәжірибеден өткізіп алса, оны басқа облыстарға таратуға болады.

 

Сонымен қатар депутаттар кездесуде мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті сезіну жағдайын да айтты. Бұл медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты.

 

Бейбіт Мұстафина, СҚО кардиологиялық орталығы басшысының емдеу ісі-жөніндегі орынбасары:

– Біздегі тұрғындар денсаулықтарын әбден нашарлатып дәрігерлерге келеді. Бұл жерде дәрігерден келетін пайда 15 пайыз. Сондықтан, елбасы айтқандай әрбір қазақстандық өзін жастайынан бастап денсаулығын күтіп үйрену керек.

 

Соңғы жылдары жүрек ауруынан көз жұматын солтүстікқазақстандықтардың қатары 27-ден 11 пайызға дейін төмендеген. 2013 жылдың өзінде облыстық кардиологиялық орталықта жүрекке ашық түрде 150 ота жасалды.

 

Берік Қасен