Білім

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің байқауы

 

Байқауда бағын Гүлзат Итқұлова да сынап жатыр. Гуманитарлық-техникалық колледждің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы сайысқа тыңғылықты әзірленген. Ұстаздық – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Шәкіртіңді жүрегіңмен жақсы көріп, жаңалыққа үйретудің өзі бақыт дейді ол. Сынға түсушілер сахналық көрініс арқылы өздерін таныстырып, әдістемелік концепциясын қорғайды. Және сабақтан үзінді көрсетеді.

 

Гүлзат Итқұлова, Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледждің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

– Бірінші тур сырттай өтті. Онда біз өз портфолиомызды тапсырдық. Міне енді, облыстық кезеңге жолдама алдық. Оған өте қуаныштымын. Сайысқа қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін, ал өзіме жеңіс.

 

Өзін-өзі тану пәні балабақша, мектептер мен колледждер және ЖОО осыдан бірнеше жыл бұрын Сара Назарбаеваның мұрындық болуымен енгізілген болатын. Бұл пән балалардың ой-өрісін дамытып қана қоймай адами құндылықтарын сақтауға көмектеседі.

“Жүрегімді балаларға ұсынамын” атты байқауға өңіріміздің мектептерінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін 17 ұстаз қатысты. Сыннан сүрінбей тек 8-і ғана суырылып шықты.

Облыстық байқау үш кезеңді қамтыды. Бұнда мұғалімдерге қойылған талап та жоғарғы болды. Сондай-ақ уақыт та шектеулі. Ұйымдастырушылар бұндай байқаулар ұстаздардың тәжірибелерін ұштауға септеседі дейді.

“Жүрігемді балаларға ұсынамын” байқауынан сүрінбей өткендер диплом және бағалы сыйлықтарға ие болады.

 

Бану Ахметова