Билік

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев солтүстікқазақстандық кәсіпорындарды аралады

 

 

Ең алдымен меймандар цех жұмысымен танысты. Жаз мезгілінде кәсіпорын күн сайын 20 тоннаға жуық сүт қабылдаса, қараша айында ол көрсеткіш 2 есеге қысқарады екен. Бұл суық мезгілде шикізат тапшылығынан болатын көрінеді. Десе де, мұндағылар жұмысты тоқтатпай, керісінше, жаңа қондырлығылар алып, өнім сапасын жақсарта түсуде. Солардың бірі сағатына 2,5 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы француздық құрылғы.

 

Андрей Аристов, «Молсервис» ЖШС операторы:

-Бұл аппаратты біз шілде айында іске қостық. Ескі құралдарға қарағанда әрине жылдам жұмыс істейді. Өнімнің сапасы жақсарды. Қосымша жұмыс күшін де талап етпейді. Өте ыңғайлы, заманауи құрылғы.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев зертхана жұмысын бақылап, шикізат сапасын сұрастырды. Депутатты мазалайтын тағы бір мәселе ол тауар бағасының қымбаттығы.

 

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Тұрғындар сүтті 50-70 теңгеге сатады. Ал сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар оны 250-270 теңгеге сатады. Ол үлкен айырмашалық. Оның үстіне қарапайым халықтың бұдан да көп мал ұстауына жағдай  жасау керек. Олай болса, өнім де көбірек болады. Ауыл азаматтары қаржы да таба алады. Тұрғындар қалта көтерерлік тауарларды тұтынуы қажет. Осы сауалдарды біз қазір қарастырып жатырмыз.

 

Қазір мұнда 120-дан астам адам еңбек етеді. Өткен жылы кәсіпорын 5,5 мың тонна өнім шығарған. Мұнда жаз айларында 20-ға жуық тауар түрі өндіріледі екен. Ал қыс мезгілінде сүт өнімдерінің 10 түрі ғана шығарылады.

 

Сергей Чепурко, «Молсервис» ЖШС директоры:

-Қазір күніне 10 тонна сүт өндіреміз. Әрине көбірек өнім шығарғымыз келеді. Бірақ ол әзірше мүмкін болмай тұр. Наурыз айынан бастап қана бізде шикізат қоры көбейеді, сонда күніне 15-20 тонна сүт өндіретін боламыз. Жалпы біздің өнімдер көршілес облыстар мен қала дүкендерінде сатылады.

 

Бұдан кейін меймандар «Авангард Агро» ЖШС ат басын бұрды.

 

Мағжан Ахмадина