Билік

Сенатор Бірғаным Әйтімова есту қабілеті нашар балалар мектеп-интернатында болды

 

Президент кезекті Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады деген болатын. Бұл тапсырманы үкіметтен бастап, жергілікті әкім-қараларға дейін орындауға тырысып жатыр. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мәселені жергілікті кәсіпкерлермен пысықтап, тиісті шешім қабылдаймыз дейді. Тек жұмыс беруші мен мүмкіндігі шектеулі азамат арасында ертең ортақ жауапкершілік жайы қарастырылуы қажет дейді.

 

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Алда біз мемлекеттік мекемелер, жергілікті әкімдікпен, кәсіпкерлер келісіп, есту, көру, сөйлеу нашарлығына қарамастан мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алу туралы келіссөздер жүргіземіз. Онда сіздерді арнайы ұжымға бөлмей, қоғамдағы 12 мүшесі сау адамдармен бірге еңбек ету құқығына ие екендіктеріңізді айтамыз.

 

Сәтін салып мақсат жүзеге асып жатса, болашақта мүгедектер жәрдемақы алып қана қоймай, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінері сөзсіз.

 

Жангелді Тәжин, есту кемістігі бар балаларға араналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры:

-Мені әсіресе біздің мүгедек балалардың, жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірде өз орнын тауып, жұмысқа араласатыны қуантып отыр. Осы бағытта жеке кәсіпкерлердің, ұжымдардың жауапкершілігінің артатын болады.

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова бұдан бөлек Жолдау жайлы үгіт-насихат жұмыстарын Аққайың ауданында да өткізбек.

 

Берік Қасен