Адам денсаулығына емі мол Елатом зауытының осы заманғы физиотерапевтік аппараттары қала емханаларының барлығында саудалануда. “Үй дәрігері” сериясымен шығатын физиотерапиялық 5 аппарат сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың қазіргі таңда мол сұранысына ие.
Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі:
– “Алмаг” құрылғысының адамның ағзасына тигізер әсері мол. Бұл құрал жүрек-қантамырлар жүйесін, тамыр кеңеюі, невралгия, басқа да қауіпті аурулардың алдын алуға септеседі.
Елатом зауыты құрылғыларының тағы бірі – “Мавит”. Бұл аппараттың ерлер арасында жиі кездесетін түрлі дәрежедегі простатит ауруын емдеуде әсері мол.
Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі:
– “Мавиттің” көмегіне көбінесе еркек адамдар жүгінеді. “Мавит” негізінен жыныстық мүшелерге суық тигенде, аса ауыр сырқат жағдайында таптырмас құралдардың бірі.
Мұнан бөлек қала тұрғындарына “Теплон” құрылғылары ұсынылған. Бұл құрал мұрын, құлақ сияқты дене мүшелеріне суық тигенде, үй жағдайында емделуге мүмкіндік береді.
Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі:
– “Теплон” көктем мен күз мезгілдерінде үй жағдайында қолдануда таптырмас көмекші құралдың бірі. “Теплонның” инфрақызыл сәулесі тыныс алу, буын мен бел дерттеріне шалдыққанда ем алуға қолайлы. Емделуші өзіне ыңғайлы температура режимін таңдайды.
Медициналық құралдардың көрмесі ақпан айының 5-і мен 8-і аралығында Конституция көшесі, 2 “Сердечная” дәріханасында зауыт бағасымен сатылады. “Үй дәрігері” сериясындағы жаңа аппараттар жайлы 46-35-12 нөмірлері бойынша білуге болады.
Бақыт Сәдуақасов