Білім

Татьяна Кучер үздік оқытушы атанды

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты Татьяна Кучер өмірінің 32 жылын отандық білім саласына арнаған. Ұстаз 2013 жылдың қорытындысы бойынша республикада ең үздік 200 мұғалімнің қатарына енді. Жерлесіміз өзіне артылып отырған сенімді ақтау үшін алда талай тер төгу керек дейді. Ол үшін еліміздегі білім беру саласының өркендеуіне талмай жұмыс жасамақ.

 

Татьяна Кучер, педагогика ғылымдарының кандидаты:

-Мен өзімнің жұмысыма деген жауапкершілікті жіті түсінемін. Өйткені маған артылған сенімді қалай да ақтауым қажет. Келешекте өтетін халықаралық құрылтайларға қатысатын боламын. Машықтанудан және біліктілікті көтеруден де өтуім керек.

 

Үздік ұстаздар мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға біліктіліктерін арттырады. Жеңіске жеткен мұғалімдерге Білім және ғылым министрлігінің 3 млн теңге көлеміндегі гранты табысталды. Татьяна Павловна қаражатқа келешекте оқу құралдарын шығаруды көздеп отыр. Қазірде математика мен алгебра оқулықтарын құрастырушылармен бірігіп жұмыс жасап жүр. Оның әдістемелік оқулықтарын 5 жыл бойына қазақстандық оқушылар пайдалануда.

 

Татьяна Кучер, педагогика ғылымдарының кандидаты:

-Бағдарламалар жаңартылып тұрады. Әр 4 жыл сайын оқулықтарды қайта басудан шығарамыз. Олар жаңа жоспарлар мен бағдарламаларға сүйеніп жасалған. Қазір 4-ші сынып оқулықтарымен 12 жылдық білім беруге көшу тәжірибесі сыналуда.

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты Татьяна Кучер бүгінде құрметті зейнет дамалысында. Үйде отырғанды жаны сүймейтін нәзік жанды, СҚМУ сабақ беріп, болашақ мамандарды даярлап жүр.

 

Бақыт Сәдуақасов