Спорт

Сергеевкада жаңа спорт клубы ашылды

 

Бұл тренажерлық залдың ашылуын тұрғындар қуана қабылдады. Жаттығу залы адамдардан босаған емес. Мектеп жасындағы балалар мен қариялар да осында жаттығады. Азат Оразбаев спорттың бірнеше түрімен шұғылданады. Бұл зал бізге өте ыңғайлы дейді.

Аудан орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған клуб 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Ал, қосымша мына зал өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылыпты. Оған аудандық бюджеттен 10 млн теңге жұмсалған.

 

Наталья Марколо, балалар және жасаөспірімдер клубы директорының орынбасары, Сергеевка қаласы, Шал ақын ауданы:

– Бізде мұнда жаттығу залы, шахмат клубы бар. Тренажерлық зал таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді.

 

Жалпы, Сергеевкада 1 стадион, 5 спорт залы, 1 боксшылар рингі және 2 хоккей корты жұмыс істейді. Ал, өткен жылы тұрғындар 118 спорттық шараларға қатысқан.

 

Бану Ахметова