Бизнес және экономика

Қаржы полициясы мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Бүгінде жеке шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтарға Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетіледі. Өйткені өз ісін өрге домалатқандардың саны көбейсе, бұл ел экономикасының алға іргерілегендігін білдіреді. Сол себепті елімізде соңғы 2 жылда кәсіпкерлік нысандарына жүргізілетін тексерістер 5 есеге азайған. 2011 жылы 1715 тексеріс болса, 2012 жылы олардың қатары 1000 шамасында. Ал, өткен жылы 340 тексеріс жүргізілген. Бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді жою, заңсыз тексерістерге жол бермей, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында бүгін кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы мен ҚР қаржы полициясы агенттігі өзара меморандум жасасты.

Былтыр өңірде мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес нысандарының жұмысына жөнсіз араласуының 7 фактісі тіркеліпті. Осындай әрекеттерді болдырмауды көздеген меморандум екі жаққа да тиімді болмақ.

Көп ұзамай кәсіпкерлердің құқығын қорғауды көздеген меморандумға біздің өңірдің кәсіпкерлік палатасы мен қаржы полицейлері де қол қоятын болады.

 

Бану Ахметова