ТКШ

Петропавлда су колонкалары қатып қалуда

Күніне мына диспетчерлік бөлімге тұрғындардан 50-ден 100-ге дейінгі шағымдар келіп түседі екен. Қысқы уақытта әсіресе, су тартқыш құдықтардың қатып қалуы жайлы фактілер жиілей түсетін көрінеді.

 

Ержан Құсымбаев, «Қызылжар су» ЖШС сумен қамту кешенінің басшысы:

– Су тартқыш құдықтардың қатып қалуы көп жағдайда оны дұрыс пайдаланбағандықтан орын алады. Егер құдықтың тұтқасы қысқа мерзімді 3-4 рет басылса, қаптамадағы су нөлдік температураға жетіп, қатып қалады. Сондықтан құбырдан 5 литрден кем болмайтын суды сорып алу қажет.

 

Судың да сұрауы бар. Сондықтан коллонкаларды пайдаланудың қарапайым болсын ережелерін сақтаған абзал.

 

Ержан Құсымбаев, «Қызылжар су» ЖШС сумен қамту кешенінің басшысы:

-Сутартқыш құдықтың ішкі корпусында құбыр- штанга орналасқан, ол арқылы суды беру іске асырылады. Құдықтан суды алу үшін тұтқаны басқанда, біз клапанды ашамыз. Сонда құбырдағы қысым арқылы құдыққа су жіберіледі. Клапан ашылғанда эжектор іске қолсылады. Ол құдық корпусында қалған тіршілік көзін тартып алады.

 

«Қызылжар су» ЖШС қарамағында 541 су тартқыш құдық тіркелген. Оларды жөндеу, ауыстыру және жылыту жұмыстарымен 4 бригада айналысады. Арнайы техника жасақталған. Сонымен қатар кәсіпорында 1 жыл бұрын сумен қамту және кәріздік жүйелерді бақылаудың электронды картасы іске қосылған. Оның арқасында желілерде орын алған ақауларды жылдам анықтау мүмкін болып отыр.

 

Мағжан Ахмадина