Қоғам

Дөңгелек үстел басында Елбасы Жолдауы талқыланды

Петропавлдағы Әскери институттың курсанты Нұрдәулет Әбіш Елбасының жолдауымен жіті танысып шығыпты. Президент болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына үлкен мән берген. Сондықтан да жолдау жүктеген міндеттерді бәріміз бірге орындасақ, көштен қалмаймыз дейді.

Ұлт көшбасшысы 21 ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін айтқан болатын. Сондықтан да орта білім беретін мектептер “Назарбаев зияткерлік мектептерінің” оқу деңгейіне жетуі қажет деді.

Жолдауда жастардың жан-жақты дамып, білім алуларына жағдай жасау қажеттігі айтылған. Ол үшін Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетілмек. Бұл берілген мүмкіндікті жастар қолдан жібермесе дейді аға буын өкілдері.

“Мәңгілік ел” деп аталған дөңгелек үстелге аға буын өкілдері, педагогтар және қаламыздың белсенді жастары жиналды.