Құқық қорғау органдары

Аязды күндері полицейлер күні-түні жолдарды бақылауда

 

Жол-патрульдік полиция экипажы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып жүр. Олар қала сыртындағы трассаларды аралаумен қатар, өткен-кеткен көлік иелерінен жолдағы ахуалды, тоқтап қалған автомобильдер жайлы ақпарат сұрастыруда. Мысалы өткен түнде “Астана – Петропавл” тас жолымен келе жатқан “Сетра” маркалы халықаралық автобусының пневматикалық жүйесі аязға шыдас бермей, қатып қалған. Соның салдарынан көлік Тайынша ауданындағы Кременчук елді мекенінің жанында тоқтауға мәжбүр болды. Қоғамдық автобуста 45 жолаушы келе жатқан. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласынан Петропавлға бет алыпты.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

-Барлық жолаушылар құтқарылды. Қазір жолда тұрып қалған көлікті елді мекенге жеткізу шаралары жүріп жатыр. Автобустағы ақаулар жөнделген соң, жолаушылар сапарларын әрі қарай жалғастырады.

 

Көліктің қираған жері қалпына келтірілгенше, жол-патрульдік полиция қызметкерлері жаурап қалған жолаушыларды жылы орынға жайғастырды. Дегенмен, сақтық шараларына немқұрайлық танытып, аязды күндері жолға шығудың арты қайғылы аяқталуы да мүмкін.

Жыл басынан қала сыртындағы жолдарда 10 шақты көлік ауа температурасының күрт төмендеуі  салдарынан істен шығып, тоқтап қалған.

 

Гүлмира Шоқтыбаева