Қоғам

Әлеуметтік көмек көрсету ережесіне өзгерістер енгізілді

 

Бір ай бұрын Галина Петрованың үйі өртеніп кеткен. Үш баламен баспанасыз қалған әйел, бүгін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген. Мұндағы жаңа ережелерге сай енді ол мемлекет қолдауына ие болады. Галинаға 70 АЕК көлемінде қаржылай қолдау көрсетілетін болады.

 

Галина Петрова:

– Үйім жанып кетті. Мен мұндай көмек көрсетілетінін тіптен білгенім жоқ. Уақыт өтсе де маған осы бөлімге келіп көмек ал деп кеңес берді. Мемлекетке осындай қолдау көрсетіп отырғанына алғыс білдіремін. Бұл қаражат қиын жағдайға тап болған жандар үшін үлкен қолдау.

 

Бұл осы жылы көрсетіліп отырған алғашқы көмек. Баспанасын тілсіз жау жалмаған азаматтар енді қолдау табу үшін Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп, құжаттар тапсыруы қажет.

 

Әсел Қалиева, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:

-Әкелінетін құжаттар қатарына  жеке куәлік, тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжат. Отбасы жайлы және жанұя табысы жайлы қағаздар, онымен қоса қиын жағдайға тап болғандығын растайтын құжат тапсыру керек.

 

Үйі өртеніп кеткен жандармен қатар мұндай көмекке аз қамтылған отбасылар мен жетім қалған жандар қол жеткізе алады. Бұдан өзге жаңа ережеге сай нақ осындай көмекті мерекелік және атулы күндерде ҰОС ардагерлері, Чернобль апатынан зардап шеккендер, көпбалалы аналар, тыл ардагерлері мен саяси- қуғын сүргін құрбандары ала алады.

 

Ольга Букина, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

-Жаңа ережелерге сай енді ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген жандар үшін Астана мен Алматы қалаларына ем алуға барудың жолақысы да төленеді.

 

Бұл мақсатқа өткен жылы 114 млн теңгеден астам қаржы бөлінсе, биылғы жылы ол 144,8 млн теңгені құрап отыр.

 

Мағжан Ахмадина