Спорт

Тай бокстан – 9 алқа

 

Руслан Заякиннің тай боксымен шұғылданып жүргеніне 7 жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында спортшы ел және әлем чемпионаттарына қатысып, жүлделі орындардан көрініп үлгерген екен. Жақында өткен жарыста Астана, Алматы, Павлодар қалаларының муай-тайшыларымен 3 кездесу өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

 

Руслан Заякин, тай бокстан Қазақстан чемпионы:

-Ашық чемпионатта жеңіске жету маған оңайға тиген жоқ. Көпжылдық дайындығымның арқасында жетістіктерге жетудемін. Мені әр сайысқа даярлайтын бапкерлеріме алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта Ресейдің Омбы қаласында өтетін жарысқа барамын.

 

Тай бокспен шұғылданып жүргендердің ішінде 8 жасар Әділжан Абдулуохан да бар. Жарты жылдың ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген жас спортшының болашағына бапкерлері үлкен үмітпен қарайды.

Алматы қаласында өткен чемпионатқа 8-бен 17 жас аралығында 280-нен астам жасөспірім қатысты. Тай бокс соңғы кездері өңірімізде қанатын кеңге жаюда. Жыл санап бұл спорт түріне бет бұрған жастардың саны артып келеді, – дейді жаттықтырушылар.

 

Иван Ван-Хван-Тун, тай бокстан СҚО аға жаттықтырушысы:

-Осы спорт түрімен айналысуға ден қойған солтүстікқазақстандықтардың қатары қалың. Олардың жеткен жетістіктері де жоқ емес. Жақында өткен ел чемпионатында Алматы қаласының муай-тайшылары мықтылығын көрсетті. Біздің спортшыларымыз 4-ші орында. Өз басым көп алтын олжалаймыз деп үміттендім, бірақ кей шәкірттерім үмітімді ақтамады.

 

Қазір спортшылар алда өтетін жарыстарға дайындықтарын бастап кеткен.

 

Бақыт Сәдуақасов