Қоғам

Қаржы полицейлері жемқорлықтың зияны туралы жастармен кездесу өткізді

 

Кезінде алып Алтын орданың құлауына да парақорлық пен қазына тонаушылық себеп болса керек. Осыны мысал ретінде келтірген құқық қорғау органының өкілдері өңірдің мемлекеттік қызметкерлерін қылмыс үстінде ұстағандары туралы бейнематериалдарын көрсетті.

Жемқорлықпен күресте барынша қатал шараларды қолдану керек дейді ұйымдастырушылар. “Ауру қалса да, әдет қалмайды” демекші адам бір рет ақша алғаннан кейін парақорлыққа үйреніп алады екен. “Бармақ басты, көз қыстылықпен” күресте айтарлықтай тәжірибелері бар азаматтардың айтуынша, сол себепті, жастарға дұрыс тәрбие беру қажет.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

-Бұл дәрістің атауы – “Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру”. Мұнда, міне мынадай естеліктер таратылды. Бұларда барлық қажетті мәлімет жазылған.

 

Полицейлер колледж студенттеріне қаржы полициясына әрбір пара алу фактісі туралы мәлімет беру марапатталатыны жайлы да хабарлады. Кездесуге жастар өзінше дайындалып келген. Жемқорлықпен күрес олардың өлең шумақтарынан көрініс тапты.

Жастар жаппай жемқорлыққа қарсы тұруды үйреніп, елдің дамуына белсенді түрде атсалысулары қажет. Бұл туралы Елбасы халқына арнаған кезекті Жолдауында да сеніммен айтқанын ұмытпағанымыз жөн.

 

Данаш Хамзина