Білім

Балабақша, мектеп басшылары Жолдаудан туындаған міндеттерді талқылады

 

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы еліміз бен өңірімізде қызу талқыланып жатыр. Әр салаға көңіл бөлген Ұлт көшбасшысы 21 ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін айтқан болатын. Қазақстандықтар барынша білімді ұлтқа айналуы тиіс. Сондықтан да жалпы білім беретін оқу ошақтарын Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту деңгейіне жеткізу тапсырмасы қойылды. Жолдауда айтылған бұл міндеттерді жергілікті мектеп басшылары бірауыздан құптап, іске кірісуге әзір отыр.

 

Гүлжан Жақанова, қазақ мектеп-гимназиясының директоры:

– Біздің алдымызға қойған міндеттерді орындау үшін ең бастысы – оқу процесіндегі субъектілер өзгеру керек. Бұл ата-ана, мұғалім, оқушы. Басшылар да өзгеру керек. Мұғалім мен басшы жаңа оқу процесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, алдағы уақытта мектептен шығатын түлектерді  ұлтжанды етуі керек.

 

Сонымен қатар мектеп қабырғасынан оқушылар үш тілді меңгеріп шығуы тиіс. Өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі керек. Ғылымға да көңіл бөлген елбасы робот техникасын дамыту қажеттігін айтты. Бұл міндетті орындау да өңірімізде жақсы жолға қойылып отыр.

 

Данияр Уәлиев, №16 орталау мектеп директоры:

– Екінші бесжылдықта қазақстандықтар  робототехника, нанотехнология  – осы бағыттардағы жұмыстарды жасау керек. Ол үшін бүгіннен бастап біз мамандарды дайындауымыз  керек. Сондықтан да Қазақстанның ұстаздарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. 2013 жылы 3 мектепте робот техникасының үйірмесі жұмыс істеуде.

 

Ал, мына кабинетте Петропавлдағы мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің басшылары отыр. Жиналғандар Ұлт көшбасшысының басты құжатта 2020 жылға қарай еліміздегі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту керектігі туралы тапсырмасын талқылап отыр. Олар, сонымен қатар, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін  бүлдіршіндер балабақшадан заман талабына сай тәрбие алып, үш тілді меңгеруі қажет дейді.

 

Балғын Мусина, “Балауса” балабақшасының меңгерушісі:

– Биылғы жылғы жолдауда Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяның бірі ғылым. Яғни, білімді балалар. Үштілділік сұранысы болып тұрғандықтан «Балауса» балабақшасы үш тілді болып келеді.

 

Бүгінде Петропавлда 80-нен астам білім мекемесі бар. Олардың барлығы жолдау аясында еңбек етуге әзір.

 

Бану Ахметова