Құқық қорғау органдары

Ішкі істер органдарының тәлімгерлік мектебі

Петропавл қалалық ІІБ-нда қатарға жаңа келіп қосылған жас мамандар жеткілікті. Құқыққорғау саласында қызмет ету жауапкершілік пен біліктілікті талап етеді. Сол себепті, бастапқы кезде оларға серік ретінде жетекшілер тағайындалады.

 

Руслан Тасимов, Петропавл қалалық ІІБ Штаб жетекшісі: -Жетекшіліктің негізгі міндеттері: ішкі істер органының қызметіне үйрету, ұжымда қызметкерлерді бекіту, ІІБ қызметкерлерінің кәсіптік қалыптасу процесін жылдамдату және жедел-қызметтік тапсырмаларды сапалы орындау қабілеттерін дамыту. Ар-намыс кодексінің нормаларын айқын орындауға үйрету.

 

Жиында жас тәртіп сақшыларына сала ардагерлері де ақыл-кеңестерін айтып қалды. Өйткені, олардың бұл саладағы тәжірибелері аз емес. Ең бастысы – офицерлер мен сержанттар қоғам алдындағы жауапкершілігі мен таңдаған мамандығына деген адалдығын ұмытпаулары қажет. Ішкі істер органдары әр уақытта тәртібімен ерекшеленіп, мінсіз болуы керек делінді. Ал, жас полицейлер өз кезегінде айтылған ақыл-кеңесті жұмыс барысында естен шығармауға сөз берді.

 

Самал Құдабаева, Петропавл қалалық ІІБ қызметкері, полиция лейтенанты:

– Ішкі істер органдарында 2013 жылдың қарашасынан бастап қызмет атқарамын. Лауазымым-анықтаушы. Анықтаушы қызметін зерделеуде маған полиция капитаны Бакеева Раушан Қабдрахманқызы көмек көрсетуде.

 

Жиын психологиялық тренингпен аяқталды.

 

Айнұр Қапезова