Білім

Покровка селосында “Балапан” бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

 

 

“Моншақ” балабақшасы 2011 жылы “Балапан” мемлекеттік бағдарламасының аясында жұмысын бастады. Мектепке дейінгі білім беру ошағының құрылысына 58 млн. теңге жұмсалыпты. Балабақша 95 орынға шақталған. Бүгінде мұнда 2 мен 5 жас аралығындағы 90 бала тәрбиеленуде.

 

Людмила Кузурман, “Моншақ” балабақшасының меңгерушісі, Есіл ауданы:

– Біздің балабақшаның ашылғанына биыл 3 жыл толады. Мұндағы балалардың жан-жақты дамуына баса назар аударамыз. Сондықтан тек бүлдіршіндер ғана емес, олардың ата-аналарымен де кездесіп, етене жұмыс істеудеміз. Өйткені, әр балаға ерекше көңіл бөлу керек.

 

“Моншақ” балабақшасындағы бүлдіршіндер қазақ және орыс тілдерінде мектепке дейінгі білім алады. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Балалардың ой-өрісін дамытуға арналған бөлме де бар. Арнайы орында 90 элемент қойылған. Ойын арқылы балғындардың ойлау қабілеті дамып, олар әріптер мен санауға машықтанады. Балабақшада жеткіншектер жаттығатын қажетті тренажерлар да бар. Сондай-ақ, бүлдіршіндер би-билеп, тәрбиешілерімен түрлі ойындар ойнайды.

Екі қолына бір күрек іздеген азаматтар балабақша ашылысымен жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда мұнда 30 адам қызмет етеді. Демек бұл Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауындағы міндеттердің атқарылып жатқандығының бір дәлелі болса керек.

 

Бану Ахметова