Қоғам

Оқушысының маңдайын шимайлаған мұғалімнің ісі бойынша үкім шықты

 

Бастапқыда атышулы педагог ҚР қылмыстық кодексінің 107 бабы, 2-тармағына сәйкес жауапқа тартылған болатын. Бұл бапта 5 жылға абақтыға жабу қарастырылған. Алайда, сот барысында істің мән-жайы анықталып, ақырында 137-бап бойынша үкім шығарылды. Еске сала кетейік, келеңсіздік өткен жылы қыркүйектің 10-ында орын алған болатын. Сол кезде ұстаз сабақтардың бірінде бірнеше баланың кекілін қырқып, ал біреуінің маңдайына тіпті “екілік” деген сөз жазған болатын. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқытушының алғашқы оғаш қылығы емес. Алайда, айыпталушы өзіне тағылған айыппен толық келіскен жоқ. Сот бірқатар жеңілдіктерді: мұғалімнің жүктілігін, оның қылмысты алғаш рет жасауын және мінездемесін есепке алған. Жапа шегуші жақтың арызы да толығымен қанағаттандырылған жоқ. Олардың моральдық өтемақы ретінде сұраған 1 млн теңгесінің орнына, сот шешіміне сәйкес, Әсімжанова 60 мың теңге төлейтін болды.

 

Гүлмира Шоқтыбаева