Мәдениет

Студенттер күніне арналған концерт

 

Күннің суығына қарамастан, концертті тамашалауға келген солтүстікқазақстандықтардың қатары қалың. Облыстық эстрадалық-джаз оркестрінің солисі Елена Губанова ең бастысы біздің өнерімізді қадірлейтін халықтың көптігі қуантады. Олардың қолдап, қолпаштап отыруы біз үшін баға жетпес сый дейді.

 

Елена Губанова, облыстық эстрадалық-джаз оркестрінің солисі:

Біз бұл концертке барынша дайындалдық. Ол бекер емес сияқты. Өйткені концертімізді тамашалауға халық көп жиналып отыр.

 

Концертте облысымыздың шығармашылық ұжымдары “Туған жер”, “Қызыл жар” фольклорлық ансамбльдері, “Exsellens” шоу-балеті, “Қуанамын” халықтық би студиясы өз өнерлерін паш етті.

Концерттік бағдарлама барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әндер айтылып, әр халықтың билері жиналған көпшілікке ұсынылды. Асхат Ғалеев те бұл күні қазақтың қара домбырасын нақышына келтіріп ойнап берді.

 

Асхат Ғалеев, “Сегіз сері” халық аспаптар ансамблінің әртісі:

– Бүгін мен жеке орындауымда бүкіл мемлекеттің музыкаларын орындаймын. Бұл шығарманы біраз уақыттан бері ойнап келе жатырмын.

 

Концерт студенттер күніне орай ұйымдастырылды. Шара барысында викторина мен лотерея ойналды. Екі сағатқа жалғасқан кештен әсер алған солтүстікқазақстандықтар қуаныштарын ду қол шапалақтарымен білдірді.

 

Бану Ахметова