Мәдениет

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті

Сахнаға шығар алдында әр өнерпаз соңғы рет дайындықтарын пысықтауда. Өйткені бүгін көрермендерге ұсынылатын бағдарлама – тыңнан жасақталған, су жаңа.

Облыстық филармония әртістерінің өнерін солтүстікқазақстандық көрермен жоғары бағалайды. Сондықтан бүгінгі концерттік бағдарламаға келген көрермендердің қатары қалың. Шығармашылық кеште алғашқылардың бірі болып өңірімізге танымал дирижер Қайырлы Ғафуровтың жетекшілігімен “Тройка” әні орындалды.

Филармония ұжымы жақында 1 солист және 2 дирижер мамандарымен толығыпты. Жас әншілердің бірі – Радик Синтиков. Ол өткен жылы Қазақ Ұлттық өнер университетін тәмамдап, туған өлкесіндегі филармонияда қызмет атқаруды жөн санапты. Оның орындауындағы “Скажите девушки” шығармасы – көрерменнің сағынған әндерінің бірі.

 

Радик Синтиков, облыстық филармонияның әншісі:

-Біз бүгін қызықты бағдарламаны көрермен назарына ұсынудамыз. Бүгін біз үшін ерекше күн. Халық көңілінен шығамыз деген ойдамын.

 

Өнер ұжымы эстрада-симфониялық және қазақ ұлттық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен 20-дан астам шығарманы орындады. Туындыларының көпшілігі – халық көңілінен шыққан, өнерсүйер қауым сүйіп тыңдайтын шығармалар. Содан болар, концерттік бағдарламаны тамашалауға келген көрермендердің көңіл-күйлері көтеріңкі, жүздерінен бұл кешті асыға күткендері байқалады.

Филармония алдағы ақпан айында да көрермендеріне ауқымды бағдарламаларын ұсынбақшы.

 

Бақыт Сәдуақасов