Құрылыс

Облыс әкімінің виртуалдық қабылдауына бір мыңыншы сауал түсті

Ғаламторда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің блогы 2008 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жұмыс істеуде. Сайт сілтемесі www.sko.kz <http://www.sko.kz>. Оған кіріп кез-келген талап тілегіңді білдіруіңе болады. Жолданған сауал жауапсыз қалмайды. Виртуалды қабылдау 2013-тің 1 шілдесінен жаңа форматқа көшірілді.

 

Татьяна Расули, СҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы:

-Облыс әкімінің сайтына осыған дейін түскен сауалдар тиісті органдарға жолданып отыратын. Ал жаңа форматта жұмыс істегелі, біз өтініштердің бәрін қабылдап, оны облыс әкімінің қарауына ұсынамыз. Қандай жауап қайтару керектігін өңір басшысы айтысымен біз бірден оны сауал иесенің электронды адресіне жолдаймыз.

 

Былтыр өңір басшысының сайтына түскен арыз-шағымдар 501 болса, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында оның саны 1 мыңға жетті. Өтініш иесі жас нәрестесімен бір ай бойына облыс орталығындағы балалар емханасының невропатолог дәрігердің қабылдауына кіре алмай жүргендігін жазған. Кезекті тіпті телефон арқылы алу да қиын депті қала тұрғыны.

 

Ольга Полянская, СҚО денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің жетекшісі:

-Дәрігер қабылдауына қатысты ата-аналар шағымдарымен бірден бөлім меңгерушісі немесе бас дәрігердің өзіне тікелей арыздана алады. Шын мәнінде таңғы 8-ден қоңыраулар көп болды. Бірі телефон арқылы қабылдауға жазылып жатса, енді бірі мамандарды үйлеріне шақыртып жатады. Мәселенің дені осы мезетте туындайды. Алда бұл проблемаларды ескеретін боламыз.

 

Облыс әкімінің блогына жолданатын сауалдар алуан түрлі. Ал виртуалды қабылдау жүргізетін мамандар болса, олардың бәрін сараптап өңір басшысының қарауына береді. Олардың ешқайсысы жауапсыз қалмаған.

 

Самат Есмағи