Қоғам

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Жолдауға үн қосты

Өңірдегі қоғамдық бірлестіктер өкілдері елдегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жұмыстарына барынша атсалысып келеді. Айталық, «Память» қоғамдық қорының төрағасы Болат Сағындықов қазіргі күні жастар тәрбиесіне алаңдаулы. Сондықтан келешекте облыстық ақсақалар кеңесімен бірлесіп, «Қариялар тәрбие мектебін» ұйымдастырмақ. Оның мақсаты балабақшадан бастапқы білім беретін ұйымдармен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дейінгі жастарды ауқымды тәрбие беру бағдарламасымен қамту болып отыр.

 

Болат Сағындықов, «Память» қоғамдық қорының төрағасы:

-Ақсақалдар алқасында білімді де, білікті қариялар жетерлік. Олардың әрқайсысы өз тәжірбиелерімен, білімдерімен бөлісуге даяр. Біз аға ұрпақ Президентіміздің биылғы халыққа жолдауын ел игілігі, халық мүддесіне арналған айқын іс-шараларын, ауқымды ұсыныстарын қолдаймыз. Олардың тыңғылықты да тиянақты іске асуына қолдан келер үлесімізді қосамыз.

 

7 басымдықтан тұратын жолдау елімізді жарқын болашаққа бастар жоспар іспетті. Елбасы қазақстандықтардың әл- ауқатын жақсарта отыра, дамыған елдермен тереземізді теңестіруді көздеген.

 

Фархад Қуанғанов,СҚО әкімінің орынбасары:

-2014 жылы 17 қаңтарда Елбасы жариялаған жолдауда Президент 2050 дейінгі даму жоспарын көрсетті. Болашаққа бағыты анық елдің ертеңі жарқын. Президент барша қазақстандықтарға қарыштай дамыған елдің үлгісін көрсетті.

 

Теріскей халқы Елбасы жолдауын қуаттайды. Ең бастысы, елдегі ағайынның ертеңгі күнге деген сенімі зор. Жолдау – жарқын болашақтың кепілі екендігін түсінеді.

 

Бақытжан Сәмиева,«СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы:

-Бұл жолдауда Президентіміз үлкен мақсат қойып отыр алдымызда. Балаларды өсіріп, үлкен кісілерді сыйлауға, әлеуметтік жағдайды дұрыстауға баса назар аударылған. Бизнесті қолдаудың алғышарттар бар. Жастар да жақсы оқып, ел үшін жұмыс жасауы шарт.

 

Жалпы бүгіндері облысымызда 16 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың барлығы алдағы уақытта басты құжатта жүктелген міндеттерді орындауға даяр екендіктерін білдірді.

 

Мағжан Ахмадина