Қоғам

Нашақорлыққа қарсы күрес

Cлайд-шоу арқылы жастарға нашақорлықтың неге әкеп соқтыратыны ашық айтылды. Есірткі қабылдау қан тамырлар жүйесін бұзады. Ми кеуіп, дене мүшелері жан түршігерлік күйге жетеді. Көп жағдайда улы затқа тәуелді өмірін қайғылы аяқтайды. Кейін ағзасын улап жүргендердің өмірінен сыр шертен бейнефильм көрсетілді. Танымдық сабақ тыңдармандарға зиянды әуестіктен аулақ жүру керектігін еріксіз ой салғандай болды.

 

Дмитрий Ляхов, гуманитарлық-техникалық колледж студенті:

– Мен есірткінің денсаулыққа үлкен зиян келтіретініне көз жеткіздім. Жалпы қабылдамасаң да маңайына жолау аса қауіпті екенін ұқтым. Өйткені есірткі бизнесімен айналысқан заң алдында қатаң жауап береді. Жазадан қашып құтыла алмайды.

 

Тәртіп сақшылары осылайша студенттерді жақсыға үйреніп жаманнан жиренуге шақырды. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына үндеді

Алдын алу шаралары студенттер мен оқушылар арасында оқу жылы бойы жалғасын табады.

 

Жеңіс Ермұқанов