Қоғам

№20 мектеп ұжымы Президент Жолдауын талқылады

Гүлдана Какенова – болашағынан зор үміт күттіретін оқушы. Білікті дәрігер атанып, еліне еңбегі сіңген маман болу үшін, қазірден дайындалуда. Қолынан кітап түсірмейді. Тіпті, Елбасының жаңа Жолдауын да зейін қойып оқып шыққан. Әсіресе, білім туралы тұсы жанға жылу ұялатты дейді.

 

Гүлдана Какенова, №20 орта мектеп оқушысы:

-Елбасы Жолдауындағы 7 басымдық ішінде маған 6-сы ұнады. Онда денсаулық сақтау және білім беру ісі туралы айтылған. Мысалы: білім беру саласында студенттердің шәкіртақыларын 25 пайызға ұлғайту. Және 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту. Менің де келешгіме жасап қойған жоспарым бар. 11-сыныптан кейін Астанадағы медакадемияға түскім келеді және денсаулық сақтау ісіне өзімнің тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.

 

Ал, Әлихан Нығметжанов Елбасының өскелең ұрпаққа деген сеніміне жауапкершілікпен қарап жүрген патриот жастардың бірі. Сол себепті, біздің білімді болуымыз – парыз дейді.

 

Алихан Нығметжанов, №20 орта мектептің оқушысы:

Біздің болашаққа ұмтылу үшін бізге жақсы білім қажет. сондықтан біздің Президентьіміз әр Жолдауында Қазақстанның білім саласын жақсартып отыру және батыс елдеріндегі білім сапасы деңгейіне жету керектігін үнемі айтып отырады. Сондықтан, біз жастар осы Жолдаудың барлық 7 бағытын тиянақты қамти отырып, оның келешекте іске асуына өз үлесумізді қосуымыз қажет.

 

Басқосуда оқушылар маңызды саяси құжатты қызу талқылап, өз ойларымен жарыса бөлісті. Мұғалімдер қауымы да Жолдаудағы 7 басымдықты оларға жіті таныстыруда.

 

Айгерім Уәлиева, №20 орта мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі:

-Бүгін біз сабағымызда Жолдауды түбегейлі талдап қана қоймай, сонымен қатар маңызды стратегиялық құжатты болшақта жүзеге асыратын оқушылардың өздері екенін түсіндіру. Өйткені, бұл ұзақ мерзімді Жолдау. Сондықтан біз 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына ену үшін осы бастан әр оқушыға оған қандай үлес қоса алатындығын түсіндіруге тырысамын.

 

№20-шы орта мектептің ұжымы білім беру сапасын Назарбев зияткерлік мектептеріндегі деңгейге дейін жеткізуді жоспарлауда.

Берік Қасен