Қайырымдылық

“Қамқорлық” акциясы

Тимофей мен Варвара Малько үшін бүгін үлкен қуаныш. Өйткені оларға мектеп ұжымы киім-кешек табыс етті. Сырт киім мен костюмді өз қаржысына демеушілер сатып алыпты.

Тимофей 3 сыныпта оқыса, Варвара биыл 1-сыныпқа барған. Балалар мұндай сыйлыққа дән риза.

 

Тимофей Малько:

-Маған осындай сыйлық жасап жатқандарына алғысымды білдіремін. Киімдер әдемі екен.

Варвара Малько:

-Маған куртка, шалбар мен бас киім тарту етті. Бізге жаны ашыған қайырымды жандарға рахмет.

 

Мектепте жыл бойы оқуда, қоғамдық өмірде белсенділік танытқан оқушыларды әр аталым бойынша марапаттау дәстүрі бар. Бұл ынталандыру шараларының барлығы ата-аналар мен демеушілердің қолдауымен өтіп тұрады.

 

Юрий Ряшко, ата-аналар комитетінің төрағасы:

-Өткен оқу жылында жаңажылдық мерекеге дайындық барысында ата-аналар белсенділік танытты. Олар акт залының безендірілуіне қолдау көрсетті. Тағы бір айта кететіні, жанашыр кеңестің арқасында мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын да іске асырған болатынбыз. Сондай-ақ, музыкалық аппаратураны сатып алуға септесті.

 

Бұдан бөлек мектептің асханасын жалға алушы жеке кәсіпкер оқу ордасының 7 оқушысын тегін ыстық тамақпен қамтып жүр. Оған қоса жаңажылдық мерекеге орай тұрмыс деңгейі төмен 8 отбасының балаларына сыйлық жасалған.

Жалпы білім ордасы тұрмысы төмен жанұялардан шыққан оқушыларды назардан тыс қалдырмай, үнемі қолдау көрсетеді.

 

Бақыт Сәдуақасов