ТЖ

Тексерілген кәсіпорындардың үштен бірі төтенше жағдайларға дайын емес

Апат айтпай келеді. Сондықтан оның алдын алу немесе ТЖ бола қалғанда қандай шараларды қолдану керек. Бұл жайттан барлық кәсіпорындар хабардар болуы тиіс дейді төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Мәселен, Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл станциясының қызметкерлері ай сайын оқытылады. Теориялық білімдері тәжірибеде іске жарап жатады. Мәселен, қызметкерлер газқағарды қалай дұрыс кию керек. Ол үшін ең алдымен жұмысшының басы өлшенеді екен. Осыған қарай әрбір азаматта өлшеміне қарай осындай газқағар беріледі.

 

Михаил Соломин, Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл станциясының бас инженері:

– Азаматтық қорғаныс туралы заң талаптарына сәйкес, жыл сайын жоспарлы түрде жұмыскерлерімізді оқытып тұрамыз. Онда есік қақпай келетін төтенше жағдайлардың алдын алу және ауыздықтау бойынша нақты бағыт-бағдар береміз.

 

Мұндай оқу жұмыстарын ТЖД қызметкерлері де өткізеді екен. Мәселен былтырғы жылы облыс бойынша әр түрлі кәсіпорынның 603 маманы оқытылған. Оның 320-сы басшы қызметіндегілер.

 

Мұрат Қанғожинов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс істері басқармасының қызметкері:

-Барлық халық кенеттен болған ТЖ алдын алуды білу керек. Сондықтан мұндай оқу курстарының оларға да, бізге де берері мол.

 

Сонымен қатар былтырғы жылы департаменттің қызметкерлері өңірдегі кәсіпорындарға 164 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 62 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 881 мың теңге айыппұл салыныпты.

 

Мұрат Қанғожинов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс істері басқармасының қызметкері:

– ТЖ дайын емес кәсіпорындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде ең көбі Тайынша ауданындағы “Колос” және “Ажар” ЖШС-тері. Аталған ауданның кәсіпкерлеріне 40 АЕК айыппұл салынды.

 

Жауапқа тартылған кәсіпкерлер де апаттың алдын алу, Азаматтық қорғаныс заңдарына қатысты жоспарлар, эвакуациялық шаралар ұйымдастырылмаған.

 

Бану Ахметова