Қоғам

Ардагерлер Президент Жолдауын талқылады

 

Залға жиылған аға буын өкілдерінің жастары егде тартса да, әлі қоғамдық өмірге белсене араласуда. Биыл олардың басы осындай құраммен алғаш жиылып отыр. Мақсат – өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Олардың бәрі еліміздің, өңіріміздің дамуына бағытталған. Ал ең маңыздысы – өңір ардагерлерінің қордаланған мәселелерін шешу.

 

Анатолий Корабельников, СҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

-Өткен жылы атқарылған жұмыстар аз емес. Олардың бәрі “Қазақстан- 2050” стратегиясымен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда 22 пленум, 79 алқа отырысын өткіздік, өңір ардагерлерінің басын қосып. Әр жиын сайын еңсерілген жұмыстар мен қордаланған мәселелер сараланып отырды. Олардың бәрін атқарушы билік өкілдерімен бірлесе отырып шештік.

 

Үстіміздегі жылдың 15-ақпанында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толмақ. Оны тиісті деңгейде атап өту мәселесі облыстық ардагерлер кеңесінің алқа отырысында да жан-жақты қаралды. Жиында сондай-ақ айтулы датаға орай Тайынша аудандық ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасына «ҚР қарулы күштеріне 20 жыл» төсбелгісі тапсырылды.

 

Рашид Болтачев, “Тайынша аудандық Ауған соғысы ардагерлері” ҚБ төрағасы:

-Мен үшін ең маңыздысы – еліміздегі тыныштық. Ол Елбасының көреген  саясатының арқасы. Төс белгімен марапатталғаным мен үшін қуаныш. Тілегім – біздің көргенімізді өскелең ұрпақтың басына бермесін.

 

Жиында сондай-ақ аға буын өкілдері осы жылы атқарар жұмыстарын да айқындап алды. Мақсат-мүдделердің бәрі Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауымен тығыз байланысты. Себебі ондағы басым бағыттардың бәрі халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған.

 

Самат Есмағи