Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үкіметте Елбасының жолдауы талқыланды

Елбасы жария еткен жалпыұлттық жоба, стратегиялық маңызға ие 7 бағыттан тұрады. Ендігі жерде осылардың әрқайсыыс бойынша нақты жұмыс жоспарын құру қажет. Бұл тұрғыда бірқатар министрлік өкілдері жолдауды жүзеге асыру тұрғысындағы ойларын ортаға салды. Серік Ахметов қысқа уақытта тапсырмалардың орындалу кестесін әзірлеуді талап етті. Қолға алынған шаралардан бұқараның барлығы құлағдар болуы керектігін де атап көрсетті. Селекторлық жиын барысында шағын және орта бизнес саласын дамыту мәселелері де назардан тыс қалмады. Бүгінде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау бар. Алайда сұранысқа ұсыныс сай болуы үшін аталмыш саладағы өнім өндіруді әлемдік стандарттарға сәйкестендіру қажет. Себебі еліміздің алдында тұрған негізгі міндет дамыған алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына ену. Ал ол үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы өнім өндіру бәсекеге төтеп беруі шарт делінді алқа отырысында. Астанамен  байланыс аяқталысымен күн тәртібінде қаралған мәселе жергілікті жерде жалғасын тапты.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Біз кеше облыс активінде жолдаудың басым бағыттарын жан-жақты талқылап, нақты тапсырмаларды бекіттік. Әр басқарма басты құжатты жүзеге асыруға байланысты әзірлеген жоспарларын үкіметтің жалпыұлттық жоспарына сәйкестендіруі қажет. Негізгі басымдықтарда біздің өңіріміз үшін  ең маңыздысы – агроөнеркәсіп кешенін дамыту.

 

Оны басты назарда ұстау бірінші кезекте ауылшаруашылығы басқармасының міндеті. Бүгінде бұл саладағы еңбек өнімділігі қаншалықты. Ол туралы өңір басшысымен жиынға қатысушыларда аталмыш басқарма жетекшісі құлағдар етті.

 

Серікбай Тұралинов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі:

-Бүгінгі күнге бұл саладағы өнімділік көрсеткіші 15,3 пайызды құрап отыр. Ол жыл бойына сақталатын болады. Ал аумақтарды дамыту бағдарламасында көрсеткіш кем дегенде 13,7 пайызды құрауы керек делінген. Біз оны артығымен орындап отырмыз.

 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі департаменттер мен басқарма жетекшілеріне басты құжатты әр ұжым тағы бір мәрте талқылаулары керектігін ескертті. Содан кейін әр ведомство жолдаудағы өз салаларына қатысты басымдықтарды орындау туралы нақты жұмыс жоспарларын бекітулері қажет. Ал олардың орындалуын қадағалау экономика басқармасының құзырында.

 

Самат Есмағи