Ауыл шаруашылығы

Түз тағыларына қамқорлық

 

Қыс уақытында жабайы жануарларды қоректендіру үшін мынандай оттық дайындалады. Оған жем-шөп салынады. Ақырдан бұғылар мен қабандар азықтанады. Олардың әрқайсысы қай жерде жем мен шөптің оттығы бар екендігін біледі. Мұнда жабайы жануарлар ерекше қорғауға алынған. Сондықтан болар олардың саны жыл санап көбейіп келеді. Мәселен, биылғы жылы маралдың саны шамамен 50 басқа артып, 775-ді құраған. Ал жалпы Красный борда 2013 жылы жүргізілген санақ бойынша 380 қабан, 800 елік тіркелген. Бұл жануарларға қажетті азықты сатып алу үшін былтырғы жылы 2 млн теңге бөлініпті.

 

Евгений Царик, “Красный бор” МКМ аң ісінің маманы, Есіл ауданы:

– Биылғы жылға маралдарға 12 мың жапырақ дайындалды. Ал шөптің 850 центнері алынды. Бізде сонымен қатар ұсақ жануарлар да кездеседі. Олар түлкі, қоян, қарсақ. Ал, құстардан – шіл, жанат.

 

Ал, жалпы Красный бордың аумағы 62,5 мың га. Мұнда жем-шөп салатын 12 оттық бар. Бұл жерде 7 адам жұмыс істейді. Негізінен облыс бойынша 4 қорықша бар екен. Олар – Мамлют, Смирнов, Ақжар және Ақсуат.

 

Айтолла Уакишев, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

-Онда да марал және доңыздар мекендейді. Смирнов заказнигінде 30 шақты марал, еліктің саны 150-ге жетеді. Мамлютте жабайы доңыздың саны – 80. Оларда да қыстың күні жеп-шөп дайындалған.

 

Биылғы жылы жабайы жануарлардың өлімі тіркелмепті. Ал, егерьлер болса, күн жылынғанша оттыққа ай сайын жем-шөп салып отырмақ.

 

Бану Ахметова