Бизнес және экономика

Шағын және орта бизнесті дамыту

 

Ең бірінші болып сөз алған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева соңғы кездері кәсіпкерлер үшін істі аяққа тұрғызудағы қиындықтар шаш-етектен екендігін айтты. Бір мәселе – кадрлар тапшылығы болса, екіншіден, банктер ұсынатын несиелердің пайыздық үстемақысы жоғары. Бизнес өкілдерінің монополистер және құзырлы органдармен жұмыс жасау кезінде де мәселелер туындайтын көрінеді. Бүгінгі бейнеконференцияда солардың біразы талқыға салынды. Онлайн режимде өткен отырыста алғаш болып сөзді Қарағанды облысының өкілдері алды. Кейін әңгімеге біздің өңір кәсіпкерлері де қосылды.

 

Сусанна Чилингарова, «Уваров» ЖК коммерциялық директоры:

– Электр энергиясымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар алдын ала 100 пайыздық өтемақы алады. Сонда біз әлі жұмыс істемеген уақыт үшін ақша төлейміз. Шағын бизнес өкілдері үшін ол тиімсіз. Сондықтан осы мәселе оң шешімін тапса екен деймін. Өйткені, менің ойымша, бұл тәртіппен жұмыс істеу тұтынушылардың құқығын бұзады.

 

Аталмыш жиынға өз проблемасын арқалап келгендердің бірі – Владимир Комаров. Оның да монополистерге айтар өз уәжі бар.

 

Владимир Комаров, «Комаров В.В» ЖК директоры:

– Мен 57 ОД бұйырығына өзгерту және толықтырулар енгізу керек деген ұсынысымды айтпақпын. Ол тек кәсіпкерлерді ғана емес, сонымен қатар қарапайым тұтынушыларды да электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған. Тек оны жасаған тұста кей мәселелер ескерілмей қалған. Солар шешімін тапса деймін.

 

Айта кететін бір жайт, бұл онлайн режимінде өткізіліп отырған осындай алғашқы бейнеоконференция.

 

Сусанна Чилингарова,«Уваров» ЖК коммерциялық директоры:

– Мені мазалап жүрген сауал оң шешімін табады деген ойдамын. Жалпы энергетиктерге қатысты көптеген мәселелер бар. Сондықтан осындай бейнеконфренциялардың ұйымдастырылғаны орынды деп санаймын.

 

Жиын соңында көтерілген мәселелерге қатысты тиісті тұжырымдамалар әзірленді.

 

Мағжан Ахмадина