Білім

Педагогтар дуалдық жүйенің ерекшеліктерін талқылады

Елбасы жаңа жолдауында таяудағы 2-3 жылда техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керектігін айтқан болатын. Және келешекте жастардың нақты техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыруды тапсырды. Дуалдық білім беру жүйесінің негізінде оқытуды облысымыздағы бірнеше білім беру ошақтары қолға алған. Солардың бірі – Петропавл құрылыс колледжі. Мұнда аталған жүйемен жастар 2012 жылдан бастап оқытылып келеді екен.

 

Ерке Сыздықов, Петропавл құрылыс колледжі директорының орынбасары:

– Бізде бір мамандық бойынша дуальдік жүйемен 25 бала оқытылып жатыр.

 

Ал Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің педагогтары Финляндия, Норвегия, Германия, Ресей және Франция елдерінде болып қайтқан. Осы аталған 6 мемлекетте дуалдық білім беру жүйесі жақсы дамыған. Сондықтан жергілікті ұстаздар шетелдік педагогтармен тәжірибе алмасып қайтқан. Бұл білім беру жүйесінің ерекшелігі – жастардың теориялық білімдеріне ғана емес, сонымен қатар өндірістегі практикаға да баса назар аударылады. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы Роза Күлжанова былтыр қазан айында Францияда болып қайтыпты. Онда алған тәжірибелерімен бүгін ол өз әріптестерімен бөлісті.

Дуалдық білім беру жүйесінде ең бастысы әлеуметтік әріптестікке басымдық беріледі. Өйткені студенттер түрлі кәсіпорындарда өз білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады. Сонымен қатар оқуын аяқтағаннан кейін жас мамандарға жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.

 

Бану Ахметова