Қоғам

Елбасының жолдауына арналған кітап көрмесі

 

Ардагерлер мен оқушылар ерекше ықыласпен көрмені тамашалауда. Мұнда қойылған әр кітап ел дамуынан, экономика мен түрлі салалардың қарыштап алға басуынан сыр шертеді. Сиясы әлі кебе қоймаған Елбасының жолдауы да мұнда келушілердің қызығушылығын туғызыпты.

 

Екатерина Ильина, қалалық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі:

-Мені білім беру саласының ардагері ретінде білім саласына қатысты айқындалған міндеттер қызықтырады. Мектепке дейінгі білім беруге, оқушыларды инновацияларды қолдана отырып, білім алуға жетелеу мәселесі жіті қарастырылған. Студенттердің шәкіртақысы өсіп, ұстаздарымыздың жалақысы көбейеді. Бұл олардың жұмысына серпін қоспақ. Зейнеткер ретінде аға буын өкілдеріне көрсетілетін қамқорлық та қуантып отыр.

 

Жалпы көрмеге 200- ден астам кітап қойылған.

 

Қайыржан Мәлікова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың кітапханашысы:

– Біз көрмедегі кітаптарды жолдауда бар он басымдыққа бөліп орналастырдық.Ол экономика, ғылым. Білім, ауыл шаруашылығы сынды бөліктері. Ал бірінші бөлімде Елбасының жолдауы көрсетілген.

 

Көрме жыл соңына дейін өз көрермендерін қуантпақ.

 

Мағжан Ахмадина