Билік

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Агроөнеркәсіп кешені – ел экономикасының басты табыс көздерінің бірі. Ауыл еңбеккерлерінің кәсібін жаңа деңгейге көтеру керек-ақ. Елбасы кезекті жолдауында жер емген шаруалардың ісін инновациялық бағытқа бұруды жүктеді. Ата кәсіпті жетілдіре түсу  – біріншіден азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.

 

Мемлекет басшысы аграрлық секторда, әсіресе, өңдеу кәсіпорындары желісін құруға басымдық береді. Өйткені дайын өнім шикізатты саудалағаннан 4 есе артық пайда кірістіретінін бүгінгі нарық көрсетіп отыр. Бұл орайда шағын шаруа қожалықтары қаржы мәселесіне келіп тірелетіні ақиқат. Ол үшін Елбасы оларды ұзақ мерзімге қаржылай сауықтыру тетіктерін жетілдіруді ұсынды.

 

Серік Ахметбеков, “Аграрлық несиелік корпорация” АҚ СҚФ директоры:

– Біз ауыл шаруашылығы өңіріміз. 30 пайыз біздің облыс республиканың жалпы өнімін құяды.Кепілдендіру және сақтандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіледі. Өйткені біздің облыста ауа райы бойынша мәселелер көп. Сол проблемаларды шешу үшін ауыл еңбеккерлеріне осындай инструменттер керек.

 

Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдарды азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Заманауи нөлдік жер өңдеу технологиясын дамытқан жөн делінді басты құжатта. Бұл жағынан астықты өңірдің тәжірибесі бар.

 

Серік Ахметбеков, “Аграрлық несиелік корпарация” АҚ СҚОФ директоры:

-Былтыр Аграрлық корпорация облысқа 20 млрд. теңге ақша құйды. Ол қаржыға ауыл шаруашылық техника алынды. Жаңа тұқым, жаңа технология енгізіліп жатыр. Біраз мал алынды қара мал, асыл тұқымды қойлар.

 

«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Ресурс үнемдеу қамы жолдаудың тағы бір басымдығы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев университетінің қолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет.

 

Тоқ көзінің баламалы түрлерін өндіріс пен тұрмыста жаппай қолданысқа енгізген абзал. Бұл жаңа технологиялар электр қуатын ысырап қылмаудың таптырмас жолы.

 

Анатолий Мишин:

-Біздің қаланы алып қарасақ энергия үнемдеу технологиясын жаппай ендіруде қыруар жұмыс күтіп тұр. Қазіргі есептегіш құрылғылар жылуды 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл біріншіден, тұтынушының қалтасын қақпауға септеседі. Екінші жағынан коммуналдық өнім ұсынушы кәсіпорынға өте тиімді. Өндіріс ошақтарының нррмативтік шығындары жоқтың қасына жақындайды.

 

Сонымен қатар, ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Алдағы уақытта АЭС отыны үшін отандық төл өндірісті дамыту көзделген.

 

Жеңіс Ермұқанов