Мәдениет

Татар әндерінің кеші

 

Биылдан бастап ұйымдастырушылар осы сынды концерттік бағдарламаларды театр сахналарында жиі өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақшы.

 

Ильдар Сисанбаев, “Дослық” татар-башқұрт орталығының әншісі:

-Негізінен біз халықтың жадында сақталған әуендерді шырқаймыз. Көрермен бізбен бірге қосыла шырқап, ескі туындыларды естеріне алады. Концерттік бағдарламамыздың бағыты да жан-жақты. Сахнада сондай-ақ татар билері де орындалмақ.

 

Бүгінгі мерекелік кештің басты қонағы  – Қазан қаласынан келген татарстандық әнші – Азат Фазлыев. Ол “Татар моны-2011” байқауының лауреаты.

Әншінің көктем мен достық туралы әндері көрермендерді бір қуантып тастады. Репертуарында халық әндерінен бөлек заманауи әндер де баршылық. Кеш барысында Азат Фазлыев көрермендермен тілдесіп, өзінің өмір жолы, отбасы жайлы баяндады. Шырқалған әуендеріне тыңдармандары сүйсіне тыңдап, арасында қосылып отырды.

 

Азат Фазлыев, әнші, Татарстан:

-Біздің әріптесіміз, досым Ильдар Сисанбаев өзінің жеке концерттік бағдарламасына арнайы шақырды. Татарстанда әлемге танылған әншілер көп, оларды бәрі біледі. Ең бастысы өзіңнің халқыңды, оның салт-дәстүрлерін берік ұстанған дұрыс.

 

Тыңдармандар кештен ерекше әсер алды.

 

Бақыт Сәдуақасов