Қоғам

Отан қорғаушылар ант қабылдады

 

Анар Ештаева бүгін 11 ант беруші адамның қатарында. Әскери киім киіп, иығына погон тағынып, сапта тұр. Қарулы күштер қатарында келісімшарт бойынша қызмет етуге шақыртылған Анар үшін бүгін ерекше қуанышты күн.

 

Анар Ештаева, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының тыл бойынша аға маманы:

-Бүгін мен үшін шынымен қуанышты күн.

 

Еліне адал қызмет етіп, антына берік боламын деп бекініп, қысқа мерзімді әскери қызметін атқаруға келгендердің бірі – 18 жасар Бақтияр Шәріпбек. Жамбыл облысының тумасы отан алдындағы борышты өтеу әр азаматтың міндеті деп біледі. Сондықтан келешекте өз өмірін әскери саламен байланыстырғысы келеді.

 

Бақтияр Шәріпбек,сарбаз:

-Әрине осы әскери сала маған ұнайды, келекшекте тіпті келісімшарт бойынша осында қалғым келеді. 1 жыл тез өте шығады, сондықтан осында үйренгендерім өзіме алдағы уақытта қажет болады.

 

Бауыр еті баласы үшін осынау жауапты күні ата- аналар да ерекше қобалжуда.

 

Шәріпбек Оңалбаев, әке:

-Ант қабылдау бұл ата-аналар үшін де қобалжулы сәт. Елін қорғау бұл әр ер азаматтың міндеті.

 

Жиналған әскери қызметкерлер үшін осынау тарихи сәтте олардың қуанышымен бөлісуге ата-аналар, әскери сала ардагерлері де келді. Оқу ордасының басшылығы да жаңадан келген сарбаздарды құттықтап, сәттілік тіледі.

Мына сарбаздар жылқы жылы ант қабылдап отырған алғашқы топ.

 

Мағжан Ахмадина