Қоғам

Мамлюттіктер Елбасы Жолдауын талқылады

 

Мамлют ауданының атқамінерлері Елбасының жолдауы әңгіме өзегіне айналған облыстық активті көру үшін Мамлют қаласындағы №1 мектеп-гимназияның акт залына жиылды. Олар әлеуметтік сала қызметкерлері мен “Б” корпусы өкілдері. Қаңтардың 17-де ел халқына жол тартқан жаңа жолдаудан бұқараның дені құлағдар. Бірақ ұлт көшбасшысының тапсырмасын жүзеге асыруда теріскейліктер нендей жұмыстар атқарулары қажет, ол жағы онлайын көрсетілімде айтылды.

Ұлт көшбасшысы өзінің жыл сайынғы жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қажеттігіне баса назар аударады. Біріншіден ол ел экономикасының дамуына септігін тигізсе, екіншіден жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мамлюттіктер «Елбасы жолдады» халқы оны қолдады» деген ұранды ұстануда. Солардың бірі -Самал Тасбаева. Осыдан 7 жыл бұрын өз ісін ашқан азаматша бүгінде 6 ауылдасын тұрақты еңбекпен қамтып отыр.

Елбасының биылғы жолдауында мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлді. Ол еліміз егемендік алғалы басты назарда. Тек соңғы үш жылда ел қазынасынан ана тілімізді дәріптеу үшін бағытталған қаражат 10 миллиард теңгенің үстінде. Десек те қазақ тілі әлі күнге жетім бала күйін кешуде. Осыны атап көрсеткен ұлт көшбасшысы бұқара алдына, ана тіліміз мәңгілік елімізбен мәңгілік тіл болуы тиіс деп міндет қойды. Бірақ әлі де болса оған жүрдім-бардым қарайтындар да жоқ емес.

 

Самат Есмағи,тілші:

-Елбасының жолдауын әр адамға жіті түсіндіру қажет. Оған бірінші кезекте елдің атқамінерлері жауапты. Осы жағын ойланайық, ағайын.

 

Самат Есмағи