Қоғам

Крещение мейрамы

 

Осыған дейін жайма-шуақ мінез танытып тұрған ауа райы 19 қаңтарда күрт өзгеріп, сынап бағанасы – 20 градустан төмендеді, оған қоса ызғарлы жел тұрды. Жаратушыдан жақсылықты күткен православ сеніміндегі жамиғат қасиетті суға түсуге көптеп жиналды. Осы күні барлық сақтық шаралары жасалды. Тазартылған өзенге түсіп, ыдыстарын суға толтырудан ниетті жандардың қарасы қалың. ТЖД суда құтқару қызметі мен тәртіп сақшылары тұрғындарды өзенге 50, 60-тан жіберіп жатты. Өйткені, Есіл өзенінің ортасындағы мұз қабаты не бары 15 см болды. Жарылып кетуі әбден мүмкін.

2 мың жылдық тарихы бар осы діни мейрамда дұғамен аласталған суға түскен өте пайдалы деген санім қалыптасқан. Адам баласы күнәларын шайып, дертінен айығады. Мұздай суға түскендер өз әсерлерімен бөлісті.

 

– 5 жыл болды мұздай суға түсіп жүргеніме. Осы судың арқасында денсаулығым өте мықты.

– Керемет, спортпен айналысып, енсаулықтарыңды нығайтыңдар.

 

Біреулері суға сүңгіп жатқанда, келесілері құдайдың берген ерекше тіршілік нәрін қажетінше ыдыс-аяқтарына толтырып әлек. Сұрастыра келе құрамында қасиет тұнған бұл суды тұрғындар түрлі мақсатта пайдаланатынын білдік. Біреулері жамандық атаулы жоламасын деп үйді аластайды. Және тағы өнімділігі артсын деп малға беріп, көктемде көкөністерін суару үшін сақтап қояды екен.

 

Берік Қасен, тілші:

– Эпедемиолог мамандар осы судың үлгісін жыл сайын алады. Бір қызығы, сараптама өзеннің түрлі ауру қоздырғыштармен ластанбағанын көрсетеді. Және дәл 19 қаңтарда оны ішу ағзаға еш зиян келтірмейді екен.

 

Бұл күні тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болды. Қандайда бір оқыс оқиғаның алдын алуға өңір құтқарушылары сақадай-сай.

 

Виктор Держинский, СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы:

– ТЖ департаментінен бүгін 22 құтқарушы күшейтілген түрде жұмыс істейді. Оның ішінде 1

медицина қызметкері де бар. Жалпы оқыс оқиға орын алса, 4 арнайы техника мен құтқару жабдықтарымыз сақадай-сай.

 

Берік Қасен, тілші:

– Мұнда кейбір ересек адамдар мен жас балалар бірінші рет келіп тұр. Ал олардың мұздай суға үйренбеген ағзасы аяқ астынан сыр беруі ықтимал. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ демекші, Есіл өзені жағалауына келіп жатқан мына тұрғындардың қауіпсіздігін түнгі сағат 10-ға дейін жедел жәрдем қызметі мен әкімшілік полицейлер қамтамасыз етпек.

Берік Қасен