Билік

Вагулин селолық округі әкімінің есебі

Барлық деңгейдегі әкімдер атқарылған жұмыстар жайында халық алдында есеп беруі тиіс. Елбасының осы тапсырмасына орай Қызылжар ауданындағы Вагулин селолық округінің әкімі аталмыш елді мекен тұрғындары алдында 2013 жылы атқарылған істерді саралады.

 

Людмила Терехова, Вагулин селолық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

-Өткен жылғы есептік кездесуде Вагулин селосының тұрғындары тарапынан жолданған сауалдар саны -12. Олар көшеге тартылған ауыз суды үйге енгізу, шеткері көшелерді жарықтандыру, елді мекенді қаңғыбас иттерден арылту секілді мәселелер. Бүгінде сұрақтардың дені шешімін тапты.

 

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Селолық округ басшысының атқарған жұмыстарына халық дән риза. Өйткені былтырғы жылы жолданған сауалдардың бәрі шешімін тапқан.

 

Вагулин селолық округіне 5 елді мекен кіреді. Мұнда 1973 адам тұрып жатыр. Ауылдарды байланыстыратын жолдар жөндеуді қажет етеді. Елді мекен тұрғындары әкімге 8 өтініш жолдады. Негізгісі – көшеге тартылған тіршілік көзін үйге енгізу.

Бүгінде елді мекен тұрғындарын толғандыратын сауалдар аз емес. Олар негізінен таза ауыз су, сапалы жол және көшелерді жарықтандыруға қатысты. Бұл жолғы округ әкімінің кезекті есептік кездесуінде де осы мәселелер көрініс тапты. Жергілікті басшы проблемалардың барлығы шешімін табатындығына уәде берді.

 

Самат Есмағи