ТКШ

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасының орындалу барысы

 

Сәтпаев көшесі 42 мекен-жайындағы көпқабатты үйге 35 жылдың жүзі болып қалған. 9 қабатты баспанада 96 пәтер бар. Мұнда 2012 жылы “Тұрғын үй-комуналдық шаруашылығын жаңғырту” мемлекеттік бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Үйдің шатыры ауыстырылып, жылыту жүйелері жаңартылған. Бұған 6 млн. 400 мың теңге қарастырылыпты.

 

Геннадий Селищев, “Сатпаев, 42” ПИК төрағасы:

-Былтыр тамыз айында жоспарланған жөндеу жұмыстары аяқталды. Бізге бөлінген қаражаттан 1 млн 900 теңге артып қалды. Содан кейін тұрғындармен жиын өткізіп, қалған соммаға подъезде пластикалық терезе қоямыз деп шештік. Соның ішінде әр қабатқа қозғалыс датчиктерін орнатып, жарықты үнемдеуге көштік.

 

Үнемшіл тұрғындар барлық жұмыстарды үстіміздегі жылдың ақпан айында аяқтаймыз деп отыр. Және бұл істер тиянақталса, осы бағдарламаның аясында жедел сатыны ауыстыруды жоспарлаған.

Ал, жалпы, 2011 жылдан бастап қалада “Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” мемлекеттік бағдарламасының көмегімен 95 үйді қайта қалпына келтіру жоспарланыпты. Бұл бағытқа 1,3 млрд теңге де бөлінген. Көпқабатты үйлердің бүгінгі күнге дейін, 86-сында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қалғаны – 9 үй.

 

Дәулет Қалиасқаров, қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

– 2011 жылдан бері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша қолға алынған үйлерде әлі жөндеу жұмыстарының аяқталмауына қатысты облыстық көлемде семинар ұйымдастырылды. Онда мәресіне жетпеген істерді қаржыландыру жағы сөз болды. Жөндеу жұмыстары бірқатар нысандарда жылыту маусымының басталуына орай тоқтатылыпты.

 

Өзге үйлердегі жаңғырту жұмыстары алғашқы жартыжылдықта аяқталмақ. Және 2014 жылы аталған бағдарлама аясында тағы 39 үй жөндеу көреді. Бұған 780 млн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

 

Бану Ахметова