Денсаулық сақтау

Өткен жылы жетпістен астам сырқаттың медициналық қызмет сапасына көңілі толмаған

Бірінші байлық – денсаулық. Сондықтан да кез-келген адам медициналық көмектің сапалы болғанын қалайды. Бүгінгі дәрігерлер жоғары санатты. Білікті ақ халатты жандардың қызметіне заманауи қондырғылар үлкен көмекші. Былтыр ғана өңірдің денсаулық сақтау саласы түрлі кеселдерді анықтауға жарайтын озық үлгідегі екі компьютерлік томографпен толықты. Алайда емдеу мекемелеріндегі ұзын-сонар кезек, ағзаға шипа болар дәрі-дәрмек бағасының шарықтауы кедергі келтіретіні өмір шындығы.

Өткен жыл бойы ғана денсаулығына немқұрайлық танытпаған 65 жерлесіміздің өтініші тексеріліпті. Шағымдардың 28-і расталған. Одан 23-і негізсіз деп танылған. 14-інің ішінара шындыққа жанасатындығы анықталды.

 

Айгүл Алыпқарина, СҚО медициналық және фармацевтикалық істі бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Расталған өтініштердің 55 пайызы терапевтік қызметке қатысты. Педиатрлардың үлесі – 14 пайыз. Сондай-ақ акушер-гинекологиялық, хирургиялық, стомотологиялық, жедел жәрдем қызметтеріне деген өкпелері шын болып шықты. Нәтижесінде 45 хаттама толтырылып, 2 млн 960 мың теңгенің айыппұлы тағылды. 11 заңды, лауазымды, 26 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Негізінен рұқсат қағаздарының жоқтығы, дәрілерді жіберу тәртібінің ескерілмеуі. 15 іс –  ІІД, біреуі қаржы полициясының қарауына жіберілген. Жалпы биылдыққа осындай 16 тексеріс жоспарланып қойылыпты. Түскен өтініштердің бірі де назарсыз қалмайды дейді мамандар.

 

Жеңіс Ермұқанов