Құқық қорғау органдары

Көлік прокурорлары былтыр үш жүзден астам заңбұзушылықты анықтаған

 

2013 жылы өңіріміздің көлік прокурорлары облысымыздағы өзекті мәселелердің бірі – жалақы проблемасын шешуге тырысқан. Нәтижесінде қызметкерлеріне 33 млн теңге қарызы бар Петропавл халықаралық әуежайы тексерілген. Бұл борыш бірнеше жыл қатарынан жиналып келген.

 

Нұрболат Қатуов, СҚО көлік прокуроры:

Әуежайдың 11 млндай қарызы бар.

 

Сонымен қатар дәл осындай 33 млн. теңгенің 6 арызы сотқа түсіпті. Шағымның көп бөлігі контрабандаға қатысты. Соттың осы мәселеге қатысты белгілеген 28 млн. теңгесін айыптылар бүгін өтепті. Тексеріс қаламыздағы троллейбус парктерінде де жүргізілген.

 

Нұрболат Қатуов, СҚО көлік прокуроры:

-Троллейбус қызметіне тексеріс жүргізілді. Еңбек заңнамасы сақталмаған.

 

Көлік прокурорлары заңсыз қолданылып келген жерлерді де тексеріп, тіркеуге алған. Нәтижесінде жер учаскелерін сату барасында мемлекетке 293 мың теңге аударылған. Ал, жалпы прокурорлар 2013 жылы 71 тексеріс жүргізіп, 328 заң бұзушылықты анықтаған. Сөйтіп, 100 шақты тұлға тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылған.

 

Бану Ахметова