Құқық қорғау органдары

Шіркеуден садақа жәшігі ұрланды

Кешкі сағат жеті шамасында тәртіп сақшыларына 19 ықшам ауданындағы шіркеуде ұрлық жасалды деген хабар түсті. Шіркеу қызметкері кіре берісте орнатылған садақа жәшігінің жоғалғанын байқаған. Оның айтуынша қолды етілген қораптың маңында араққа сылқия тойып алған адам жүріпті.

 

Николай Рогов:

-Мен оны аумақ сыртына шығарып, қақпаны жаптым да, қар тазалауға кеттім.

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бірден жақын маңды аралап шықты. Күдікті шіркеуден алыс емес аулалардың бірінен ұсталды.

 

Азамат Сүлейманов, Петропавл қалалық ІІБ  учаскелік инспекторы:

-Ол аулада отырып, ақшаны қалталарына тығып жатыр екен. Өзі мас күйде болды.

 

Қайырымдылыққа бағытталмақ болған қаржыны ұры өз мұқтажына жұмсап үлгермеген. Оның қалтасынан 60 мың теңгеге жуық ақша табылды. Баукеспенің бұрындары да осы бап бойынша басы істі болған. Біреудің мүлкіне әуес азамат еш жерде жұмысқа тұрмаған. Қолға леккенді жымқырып күн көріп жүр.

 

-Сіз храмнан ақша ұрлауға қорықпадыңыз ба?

Күдікті:

-Есімде жоқ, мас болдым.

 

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеңілдетілген өндірісте қаралатын болады. Ұсталған әзірге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Жеңіс Ермұқанов