Балалар

Жастар саясаты басқармасы 2014 жылға шаралар жоспарын айқындады

 

Серік Айдарбековтың “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы бойынша облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасында іс-тәжірибеден өтіп жүргеніне 1 ай ғана болған. Осы уақыт аралығында жас маман ұжыммен тіл табысып, жұмысына қызу кірісіп кеткен.

Бүгінгі таңда жастарға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілуде. Оның айқын дәлелі – “Дипломмен – ауылға”, “Жастар тәжірибесі”, “Жасыл ел”, “Студенттік биржа” сынды бағдарламалардың іске қосылуы. Нәтижесінде өңір жастарына тұрақты болмаса, уақытша маусымдық жұмыстарға орналасуға мүмкіндік туды. Мысалы, “Студенттік биржа” бағдарламасының аясында 25 мыңнан аса солтүстікқазақстандық жас тұрақты жұмысқа орналасып, еңбегінің жемісін көруде. Алайда, қазіргі таңда кейінгі буын өкілдерінің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жағы ақсап тұр.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың басшысы:

-Біз тоқсан сайын талдау жүргіземіз. Қазіргі таңда жастарымыздың басқа өңірлерге жұмысқа кетуі байқалады. Өңір жастары жаңа бастамалардың қолға алынғанын күтуде. Сондықтан да біз өз тарапымыздан жастарға бар жағдайларды қарастыруға тырысып, бұл бағыттағы жұмыстарды биыл да жалғастырмақпыз.

 

Алдағы уақытта қаламызда көптен күткен жастар орталығы мен 200 орынға шақталған студенттік жатақхана бой көтереді. Нәтижесінде өңір жастары бос уақытын біршама тиімді өткізіп, баспанамен де қамтылмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов