Құқық қорғау органдары

Жаңа жыл мерекесі күндері 20-дан астам петропавлдық құжаттарын жоғалтқан

Әрбір азаматтың жеке басын растайтын төлқұжаты болу шарт. Былтыр жеке куәлікке 14 мыңнан астам адам ие болған. Ал, 9833-і паспорт алған екен. 2014 жыл  басталысымен көші-қон полициясына 22 қала тұрғыны жеке куәлігін жоғалтып алғандығын айтып, арызданыпты.

 

Медет Сағди, Петропавл қаласының ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің басшысы:

-Жеке куәлікті жоғалтып алған жағдайда оны қайта жасау керек.

 

Жеке басын растайтын құжатты жоғалтып, оны дер кезінде қайта жасатпаған және мерзімі өтіп кеткен куәлікпен жүрген азаматтарға бастапқыда ескерту беріледі. Егер бұған құлақ аспаса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жерлестеріміздің жеке басын растайтын құжаттарын шетелдерге барғанда да жоғалтып алатын жәйттер кездеседі.

 

Медет Сағди, Петропавл қаласының ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің басшысы:

-Егер жеке құжатты жоғалтып алса, онда Қазақстан елшілігіне бару керек.

 

Ал, куәлікті тауып алған жандар болса, құжатты дер кезінде ХҚКО-дағы көші-қон полициясы бөлімшесіне апарып бергендері абзал.

 

Бану Ахметова